Ол қылмыстық жолмен тапқан ақшасы мен мүлкін заңдастырмақ болған
Қазір Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қайрат Сатыбалдының соты өтіп жатыр. Айыпталушы, яғни, Сатыбалды сотқа онлайн қосылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Оған бұл жолы Қылмыстық кодекстің 218 бабы, 3 тармағы бойынша айып тағылып отыр. Яғни, Сатыбалды қылмыстық жолмен тапқан ақшасы мен мүлкін заңдастырмақ болған. Бұл бап бойынша кінәлі деп танылғандар бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Сотқа онлайн қосылған Қайрат Сатыбалды кінәсін толық мойындап, тергеумен келісім жасауға дайын екенін мәлім етті.
Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың 26 қыркүйегінде басқа қылмыстық ісі бойынша алты жылға сотталған болатын. Ал, 2024 жылдың басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік оған қатысты тағы бір іс әлі тергеліп жатқанын хабарлаған.