Бас қалада терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2024 жылғы 29 – 30 наурызда Астанада адамдар көп жиналатын объектілерде терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы ҰҚК ресми сайтында жарияланды.
«Іс-шара шеңберінде ҰҚК арнаулы мақсаттағы бөлімшелерінің дағдылары мен тактикалық іс-қимылдарын қалалық жағдайларда пысықтау көзделеді», - делінген баспасөз хабарламасында.