Қытайда халықты астықпен қамтамасыз ету - күрделі мәселе
Қытай ауылшаруашылық ғылымдары академиясының зертханалық орталығы және ғылыми-зерттеу кешені оңтүстікте күріш, жүгері, соя, мақта және басқа дақылдардың ұлттық селекциялық базасы болып есептеледі. Эксперименттік база Хайнань провинциясы Санья қаласының Ячжоу ауданындағы Чикао ауылында орналасқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мекен ропикалық ауыл шаруашылығының негізгі өндіріс аймағы және Хайнань провинциясында бұршақ, баклажан, қияр, ащы асқабақ және жоңышқа сияқты маусымға қарсы жемістер мен көкөністерді өсірумен айналысады.
Кешен қызметкерлерінің айтуынша, Қытайда адам саны млрд-тан асып жығылады. Халықты астықпен қамтамасыз ету күрделі мәселе.
«Сондықтан халықтың негізгі асы жүгері мен күріш болып есептеледі. Біздің ғалымдар күріш, жүгері өсірудің жаңа технологияларын зерттеп, селекциялық будандастыру жұмыстарын жүзеге асырады. Халық та сапалы өеімді тұтынғысы келеді»,- дейді олар.
База теңіз деңгейінен 11 метр биіктікте орналасқан, орташа жылдық температура 26 градусты құрайды, климаты тропикалық муссонды, жыл бойы ылғалды ауа райы сақталады. Базаның жалпы ауданы 500 шаршы метрлі құрайды. Олардың барлығында ғылыми көрме, қоғамдық платформа, әкімшілік кеңсе, тамақтану және тұрғын үй, сынып және эксперименттік алаңдар салынған.
База негізінен инновацияға бағытталған гендік редакциялауды қолдану, дақылдардың феномикасын зерттеу, дақылдардың жабайы туыстарын сақтау және пайдалану, дақылдарды дәл іріктеу технологиясын зерттеу, үлкен деректерге негізделген интеллектуалды селекцияны жобалайды.