Су тасқыны: Ақтөбедегі Елек өзені бойындағы халықты эвакуациялау туралы шешім қабылданды

Автор: Azattyq Rýhy

Үйлерге еріген қар суы кіру қаупі туындады

Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Ауа-райының күрт жылынуы салдарынан Ақтөбе қаласы, Елек өзені бойында бау-бақша ұжымдарындағы үйлерге еріген қар суы кіру қаупі туындады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған байланысты облыс әкімі төрағалымен жоспардан тыс Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының отырысы өткізілді.

Отырыс нәтижесі бойынша Ақтөбе қаласы Елек өзені бойындағы бау-бақша ұжымында тұратын халықты уақытша орналастыру орындарына көшіру туралы шешім қабылданды.