Қалған көлемді сыртқа саудалау жоспарланған
Жамбыл облысының диқандары өтпей қалған өнімдерін тегін таратып жатыр. Өйткені былтыр күзде жиналған мыңдаған тонна пияз шіріп барады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Өніміне сұраныс мүлде тоқтаған шаруалар тау болып үйілген пиязды қоқысқа тастауға қимай, тұрғындарға тегін үлестіруде.
Қазір қала тұрғындары қоймалардағы көкөністі қалағанынша тиеп әкетіп жатыр.
Айта кетейік, былтыр Жамбыл облысында миллион тоннаға жуық пияз жиналған. Оның 315 мың тоннасы ішкі сұранысты жабуға кеткен. Қалған көлемді сыртқа саудалау жоспарланған.
Алайда биыл өзге елдерден мүлде сұраныс болмапты. Сол себепті қоймаларда 138 мың тоннаға жуық пияз шіріп жатыр.