Алматы қаласында қауіпті індет жұқтырған тағы 10 адам қосылды
15 сәуір сағат 17:25-тегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 15 адам тіркелді: Алматы облысында – 1 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 3 адам, Қызылорда облысында – 1 адам, Алматы қаласында – 10 адам.
Қазіргі уақытта елімізде қауіпті вирус жұқтырғандардың жалпы саны 1290 болды.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 297
- Алматы қаласы – 380
- Шымкент қаласы – 40
- Ақмола облысы – 80
- Ақтөбе облысы – 13
- Алматы облысы – 25
- Атырау облысы – 70
- Шығыс Қазақстан облысы – 8
- Жамбыл облысы – 49
- Батыс Қазақстан облысы – 18
- Қарағанды облысы – 81
- Қостанай облысы – 5
- Қызылорда облысы – 127
- Маңғыстау облысы – 11
- Павлодар облысы – 11
- Солтүстік Қазақстан облысы – 26
- Түркістан облысы – 49
Бүгінге дейін республика бойынша қауіпті індеттен 15-адам көз жұмды. Ал коронавирустан айыққандардың саны – 220.