Тізімде тұрған қарызы бар азаматтарға құмар ойын ойнауға тыйым салынбақ
Лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің интернет ресурстарына тыйым салынбақ

Елімізде букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасын ғимараттарда, билбордтарда, БАҚ-та, көліктерде орналастыруға және таратуға тыйым салу туралы норма қарастырылып отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Мәжіліс ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді жұмысқа алды.
«Ал басқа жердегі жарнамасын шектеу ұсынылады. Сонымен бірге, борышкерлердің бірыңғай тізімінде тұрған азаматтар үшін құмар ойындарға қатысуға тыйым салу ұсынылып отыр. Лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселердің тотализаторларының интернет ресурстарына тыйым салып, оларды бұғаттау да ұсынылуда. Заңнаманы бұзған ойын бизнесін ұйымдастырушылар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік енгізіледі», - деді AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, депутат Асхат Аймағамбетов.