«Ұлыстың Ұлы күні» Наурыз-марафоны басталды

Автор: Azattyq Rýhy

Марафон онлайн көрсетіледі

Скрин видео

20 наурыз күні сағат 11:00-15:00 аралығында «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен «Ұлыстың Ұлы күні» Наурыз-марафоны өтеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Іс-шараға Мәжіліс және Сенат депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, өнер мен мәдениет, ұлттық спорт өкілдері және ерекше ерлігімен көзге түсіп жүрген қазақстандықтар қатысады. Шарада арнайы құрылған этноаумақ, түрлі тақырыптағы талқылаулар өткізілетін дискуссия алаңы, экспресс-камера (сұхбат) және ұлттық ойындар алаңы болады.

Марафон qazaqstan.tv сайты мен YouTube, Facebook, Instaqram парақшалары арқылы онлайн көрсетіледі. Марафон контентіне арналған Telegram-канал: https://t.me/nauryzmarathon.

Марафонды тікелей эфирден мына сілтеме арқылы тамашалауға болады: