Министрлік штаттан тыс кеңесшілерді тағайындау ережесінің жобасын әзірледі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектік мәселелері бойынша министрлердің, аудандардың, қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілерін тағайындау қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Министрлік мәліметінше, құжат «Ашық НҚА» порталында 2024 жылғы 5 сәуірге дейін жария талқылау үшін орналастырылған.
Кеңесші қызметінің мақсаты – республикалық және жергілікті деңгейлерде шешімдерді талқылау және қабылдау кезінде мүгедектігі бар адамдардың заңды мүдделерін білдіру және олардың пікірін ескеруді қамтамасыз ету.
«Ережеге сәйкес мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау және мүмкіндіктерін кеңейту саласында кемінде бес жыл қоғамдық және өзге де жұмыс тәжірибесі бар, жергілікті деңгейде кеңесші таңдаған жағдайда – тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын, кемінде 18 жастағы ҚР азаматы кеңесші болып тағайындалуы мүмкін.
Кеңесші бірінші басшының алдында, сондай-ақ республикалық немесе өңірлік деңгейде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің алдында есеп береді және жауапты болады», - делінген Еңбекмин хабарламасында.
Кеңесшінің өкілеттік мерзімі – үш жыл. Бір адам қатарынан екі реттен артық кеңесші бола алмайды.
Кеңесші лауазымына кандидатураларды мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктері, сондай-ақ азаматтар, оның ішінде өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынады.
Кеңесші кандидат:
1) мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, азаматтық қызметші, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, судья;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болуы;
3) заңда белгіленген тәртіппен сот:
4) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психикалық, мінез-құлық бұзылыстарына (ауруларына), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты есепте тұруы болмауы керек.
Үміткерлер келесі жағдайлардың бірі болған жағдайда конкурсқа жіберілмейді:
1) осы Қағидалардың 3, 14-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылмауы;
3) дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну.
Ең көп дауыс жинаған кандидат кеңесші лауазымына ұсынылған болып саналады. Бірдей дауыс санын жинаған кандидаттар бойынша жұмыс тобының басшысы шешуші дауыс құқығын өзіне қалдыратын бірінші басшыға ұсыныс енгізеді.
Кеңесші келесі жағдайларда өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтатады:
Кеңесшіні тағайындау рәсімі осы Қағидаларда көзделген тәртіпке сәйкес қазіргі кеңесшінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін екі ай бұрын басталады.
Қағидамен толығырақ «Ашық НҚА» порталында төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады.