Шемонаиха ауданының әкімдігі сотқа шағым берілгенін растады
Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха қаласының әкімі өзі туралы әлеуметтік желіде пікір қалдырған әйелді сотқа берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Шемонаиха әкімі Егор Драчев желіде өзін «патша» деп атаған әйелдің үстінен сотқа арызданған. Онда әкімнің аталмыш пікір туралы 2024 жылдың 2 наурызында білгені айтылған.
«Әкім Драчев қайда? Қазір оның 50 миллион тұратын көліктері бар. Бұл мәселелер оған жат, бұрын әкім еді. Қазір патша», – делінген әйелдің желідегі пікірінде.
Әкім бұл өзінің абыройы мен намысына нұқсан келтіреді деп есептейді.
«Соттан жоғарыда аталған ақпараттың шындыққа жанаспайды және менің ар-намысыма нұқсан келтіреді деп тануын сұраймын», – делінген әкімнің арызында.
Шемонаиха ауданының әкімдігі сотқа шағым берілгенін растады.