Ол кеше үйінен шығып, содан бері оралмаған
Алматы облысында жоғалған үш жасар қыз бір тәуліктен аса уақыттан бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Осы жылдың 17 наурызында сағат 21:30-да Еңбекшіқазақ ауданының полициясына 40 жастағы Күш ауылының тұрғыны сол күні сағат 4 шамасында үйден шығып кеткен үш жасар қызының оралмағаны туралы жүгінген.
Аталған дерек аудандық полицияда тіркелді.
«Алматы облысы ПД бастығының жеке нұсқауы бойынша ЖҚАЖ инспекторлары, кинологтар, ЖПҚБ қызметкерлері мен жедел блоктан арнайы іздестіру тобы құрылды.
Қазіргі уақытта арнайы дайындалған иттерді қолдана отырып, кең ауқымды іздеу шаралары жүргізілуде», - делінген Алматы облысы ПД таратқан хабарламасында.