Тәртіп сақшылары Наурыз мейрамына орай Ұлттық киім күнін қолдады
Павлодар ауданының полицейлері формаларын ұлттық киімге ауыстырды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
18 наурыз елімізде Ұлттық киім күні ретінде атап өтіледі.
«Мен ауылда туып-өстім, атам мен әжем мереке күндері ғана емес, күнделікті өмірде дәстүрге құрмет көрсетіп, қазақтың ұлттық киімін киіп жүрді. Қазіргі таңда қазақстандық отбасыларда мереке күндері ұлттық костюмдер кию құпталады», – дейді Павлодар аудандық полиция бөлімінің техникалық құралдар кешенінің меңгерушісі Әлихан Оспанов.
Полиция қызметкерлері бірнеше сағат бойы қазақтың ұлттық қамзолдарында қызмет атқарды.