Құзырлы органдарға шетелдіктердің келгені туралы хабарламаған 130 азаматқа айыппұл салынды
Абай облысында көші-қон заңнамасын бұзған 20 шетелдік елден шығарылды. Бұл туралы Абай облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өңір аумағына заңсыз келген және тұратын шетелдік азаматтарды анықтау, көші-қон заңнамасын бұзушылықтың жолын кесу мақсатында тәртіп сақшылары «Мигрант» жедел алдын алу шарасын жүргізді.
Соның барысында заң талаптарын бұзған 227 шетелдік анықталды. Оның ішінде 20 адам сот шешімі бойынша елден шығарылды.
«Шетелдік жұмыс күшін тарту қағидаларын бұзғаны және шетелдік азаматтардың еңбек кызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін 25 облыс тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ак құзырлы органдарға шетелдіктердің келгені туралы хабарламағаны үшін 130 азаматқа айыппұл салынды», - делінген ПД хабарламасында.
Аймақ полицейлері заңсыз көші-қон арнасын да анықтады. Көші-қон саласындағы заңсыз әрекеттерді ұйымдастырғаны үшін 1 облыс тұрғыны ҚР ҚК 395-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.