«Әлиханымның соңғы демі үзілген жер»: Серікзат Дүйсенғазы ұлының қайтыс болған жерін көрсетті

Автор: Azattyq Rýhy

Ақынның айтуынша, қайғылы оқиға болған жерде әлі де қауіпсіздік шаралары қарастырылмаған

Видеодан алынған кадр/Instagram/serikzat_duisengazy

Ақын Серікзат Дүйсенғазы инстаграм парақшасында ұлы қаза болған жерді көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Bugin.kz порталына сілтеме жасап.

Ақын өзінің ақпаратында әлі күнге дейін сот отырысы өтіп жатқанын айтты.

«Ардақты ағайын! Бүгін соттың оннан аса отырысы өткен. Соның бір отырысы осы көшпелі отырыс Елікті паркте болмақ. Әлиханымның соңғы көрген жері. Осы жерден ішіне кіріп едік. Осы жерде қазір көшпелі сот отырысы өтеді. Адвокат бар, інім бар», - деді Серікзат Дүйсенғазы.

Оның сөзінде орман әлі қоршалмаған.

«Міне, ардақты ағайындар. Әлиханымның соңғы демі үзілген жер. Анау тауға соғылған ғой. Бұл жердің ешқайсысын жаппаған әлі ашық тұр. Осы үшін соттың алдында біраз дауласып қалдық. Біз де заң да, иман да әлсіз екенін түсіндім. Адам өліп жатса да орманды қоршауға болмайды деп дау шығарып отыр», - дейді ақын.