Ақтөбеде жоғалып кеткен қыз екі аптадан бері іздестіріліп жатыр

Автор: Аманалина Тоғжан

Ол 27 ақпанда үйінен шығып, содан қайтып оралмаған

Фото: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Ақтөбеде жасөспірім қыз жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақтөбе облысы ПД криминалдық полиция басқармасы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында тұратын, хабар-ошарсыз кеткен 2008 жылы туған кәмелетке толмаған Шамшетова Насиба Асмадинқызын іздестіріп жатыр», - делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, 27 ақпанда ол Ақтөбедегі туыстарының үйінен шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз.

Белгілері: бойы 155-160 сантиметр, арық дене бітімі, ұзын қара шашты, көздері қара. Киімі: ақ пальто, сұр шалбар, қара кроссовка.

Жоғалған қызға қатысты қандай да бір ақпарат білетіндер болса келесі телефон нөмірлеріне қоңырау шалуларыңызды сұраймыз: 102, 8 707 765 35 25, 8 775 680 58 88.