Шетелдік журналистер иероглифтерді тізіп көрді
Қытайдың қоғамдық дипломатия қауымдастығы (CPDA) бастаған CIPCC бағдарламасы аясында шетелден келген журналистерге қытай иероглифінің сабағы өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қытай жазуы – тарихи деректер бойынша, қытай жазуының алғашқы таңбалары 14 ғасырда Шаң патшалығы заманында пайда болған. Қытай жазуы - әлемдегі тарихы аса ұзақ жазулардың бірі. Ол қытай қоғамының дамуынан бастап, қытай тілінің өркендеуінде көрнекті рөл атқарып келгені тарихтан белгілі.
Қытай халқы өзінің ұзақ тарихы барысында рухани құндылықтардың аса мол түрлерін өмірге әкелгені ақиқат.
Атақты қытай тарихшысы Цю Сигуйдің айтуы бойынша, әр жағдайда жазу екі түрлі иероглиф түрін қолданатын жүйеден дамыды.
Идеограммалар объектілерді немесе ұғымдарды визуалды түрде бейнелейтін пиктограммалар немесе тұжырымдамаларды тек жалпы конвенция бойынша білдіретін тұрақты белгілер болуы мүмкін.
Бұл жүйелер алғашқы жазба ретінде жіктеледі, өйткені олар қолданатын әдістер ауызекі тілдің мағынасын өздігінен жеткізу үшін жеткіліксіз болды.
Шетелдік журналистер қытай иероглифінің каллиграфиясынан хабардар болып, өздері іс-тәжірибеде қолдана алды. Тәжірибелік сағатқа қатысқан журналистер өздерінің әсерін айтты.
«Мен үшін мұндай иероглифтерді жазу ерекше. Себебі біздің жазудан айырмашылығы көп. Орталық Азияда көбіне латын немесе кирил қаріптері қолданылады. Ал мұнда кәдімгі бір затты немесе оқиғаны суреттейсің. Қылқаламды ұстаудың ережелері, оны қағазға түсірудің өз тәртібі де ерекше филососфия барын көрсетеді», - дейді шетелдік журналистер.
Сондай-ақ журналистер Қытай стиліндегі суреттерді де салып көрді. Қытай үшін достықтың символы саналатын панда аюын қағазға түсірді.