Атырау облысында 70 жастағы зейнеткер әйел таксист болып жұмыс істейді

Автор: Azattyq Rýhy

Оның тұрақты жолаушылары да бар

Фото: Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырау облысында 70 жастағы әйел 24 жылдан бері таксист болып жұмыс істейді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Inaktau.kz-ке сілтеме жасап.

Гүлшара Жолдасбаева 2000 жылдан бастап таксист болып жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде ол жеті баланы тәрбиелеп, он бес немере сүйіп отырған жайы бар.

«Өмірде әртүрлі қиындықтар бар. Менің де қиын жағдайларды жеңуіме тура келді. Балалар кішкентай еді, менде жұбайым жоқ. Балаларды тамақтандыру үшін рульге отыруға мәжбүр болдым. Басында мен ауылда такси жүргізушісі болдым. Ол кезде мұндай қызмет болған жоқ, ауыл тұрғындары таң қалды. Төрт-бес жылдан кейін Шетпе-Ақтау тас жолына шықтым», - дейді Гүлшара Жолдасбаева.

Қазір оның 17 жылдан бері бірге жүретін тұрақты жолаушылары бар. Көбі оны сенімді жүргізуші дейді. Гүлшара Жолдасбаева күндіз де, түнде де жолға шығуға еш жүрексінбейді.

Ол өз балаларының бойына ұлттық тәрбиені сіңіріп, оларды Отанды сүюге оятты. Өзі де жұмысына адал жан. Осы жылдар ішінде ол көлігін бес рет ауыстырды. Бір қызығы олардың барлығы механика тәсілімен жүретін көліктер.

«Барлық әйелдерді мерекемен құттықтаймын. Денсаулық, бақыт, табыс тілеймін. Бізде тыныштық пен ашық аспан болуын тілеймін. Балаларымызға амандық тілеймі», - деді Гүлшара Жолдасбаева.