СҚО-да дәрігерлер 3 литрден астам қан жоғалтқан әйелді өлімнен аман алып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Көпбалалы ана сырқатынан айығып, үйіне шықты

Фото: freepik.com

Солтүстікқазақстандық дәрігерлер 3 литрден астам қан жоғалтқан әйелді өлімнен аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жадыра Ахметова ақпан айында 5-ші сәбиін дүниеге әкелген. Жас ана бір апта бұрын күтпеген жерден науқастанып, комаға түскен. Шал ақын ауданындағы ауруханаға түнделетіп облыс орталығынан санитарлық авиациямен жеткен бір топ дәрігер шұғыл операция жасап, көпбалалы ананы ажалдан аман алып қалды.

 «Алланың арқасы ғой, содан кейін дәрігерлердің арқасы. Емдеп, барынша жүгіріп, көмектесіп. Өте персонал деген енді, таң қалдым. Тіпті, ренаимацияның медсестраларының өзі сондай жақсы ше. Барлығы қайта-қайта келіп, менің көңілімді сұрап», - деді көпбалалы ана Жадыра Ахметова.

Көпбалалы ана сырқатынан айығып, үйіне шықты. Мамандар 3 литр көлемінде қан жоғалтқан адамның өлімнен аман қалуы сирек жағдай дейді.

 «Шал ақынға көршілес Ғабит Мүсірепов ауданында білікті гинеколог маман бар. Ол облыс орталығынан дәрігерлер бригадасы жеткенше қанның кетуін тоқтатты. Қажет сәтте ота жасалып, науқасқа тиісті медициналық көмек көртетілді. Жадыраның аман қалуы бір ғана адамның емес, ұжымдық еңбек», - деді облыстық көпбейінді аурухананың гинекология бөлімінің меңгерушісі Владимир Русов.