Астанада алименттен қашып жүргендердің көлігі сатылымға шығарылады

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Тәркіленген 4 көлік айыппұл тұрағына қойылды

Фото: ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада алимент төлемей жүргендердің көлігі тәркіленіп жатыр, деп хабарлады Azattyq Ruhy.  

Әділет министрлігі автокөліктердің сатылымға шығарылатынын мәлімдеді.  4-5 наурызда қалалық әділет департаменті жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы және полицейлермен бірлесіп, «Борышкер» рейдтік шарасын жүргізген.

«857 мың 160 теңге, 1 млн 518 мың 626 теңге, 2 млн 483 мың 773 теңге, 2 млн 943 мың 979 теңге көлемінде алимент төлемей жүрген борышкерлердің 4 көлігі тәркіленіп, айыптұраққа қойылды. Жеке сот орындаушылары автокөліктерді бағалап, сатады», - деп жазылған Әділет министрлігі таратқан хабарламада.

Алдағы уақытта борышкерлердің мүлкін өндіріп алу жұмыстары жалғасады.