Қытайда 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қалай тойланады?

Аягөз Құрмаш

Бейжің көшесінде гүл құшақтан адамдардың көбі шетелдіктер 

Қытайда 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қалай тойланады?
Фото: Аягөз Құрмаш

8-наурыз бірқатар елдерде халықаралық әйелдер күні мерекесі ретінде тойланады. Қытайда әйелдер мейрамының қалай тойланатынын Azattyq Ruhy тілшісі анықтап көрді. 

Жылда Қазақстанда 7-наурыз күні көптеген кәсіпкерлік ұжымдағы қыз-келіншектерді құттықтап мәре-сәре болады. Әдетте қызғалдақ ұстаған әйелдер қауымын жігіттер мәрттік жасап жұмыстан ерте босатып жатады. Ал 8-наурыз ресми демалыс күні.

Қытайлықтар бұл мейрамды аса маңызды деп есептемейді. Себебі бүл күнді бүкілқытайлық әйелдер жаппай тойламайды. 8-наурызда әйелдер үшін түстен кейін ғана демалыс. Ал ерлер жұмысын жалғастырады.

Гонконг тұрғыны Мэри Хо бұл мейрам Жаңа жыл мен Аналар күнінен артық емес екенін айтады. 

«Мен Бейжіңге бір жыл бұрын келдім. Бұл күнді көп қыз мерекелегенді ұнатпайды. Себебі бұл орта жастағы әйелдерге арналған деп есептейді. Бүгін біздің ұжымда ерлер тәтті бәлішпен дастархан жайды. Ал отбасымда бұл мерекені мүлдеп тойламаймыз. Мереке ауқымды деп айта алмаймын»,- деді Мэри Хо.

Гүл дүкендерінен гүл алғандардың басым бөлігі шетелдіктер екенін көруге болады.

Тағы бірқатар қыз-келіншек бұл мерекені аса атап өтпейтіндерін айтты. Олар бүл күні ерлерден сыйлықтарды да күтпейді. Кейбір қытайлық қыздар сыйлық ретінде гүл және дәмді бәліш алулары мүмкін. Оның өзі сирек кездесетін жайт. Тек ұжымдарда ер адамдар ескеріп құттықтауы мүмкін. 

«Бұл мереке гүл сыйлап, бір-бірін құттықтайтын мереке емес. Біз үшін бұл әйелдердің құқығын қорғайтын революция, теңдік күні. Сондықтан бүл күнді мерекелемеуді жөн көреміз», - дейді бейжің тұрғыны. 

Ал Стевен есімді жігіт жыл сайын әйелі мен анасына гүл сыйлап, құттықтайтынын айтты.

«Иә,бізде бұл мейрамды халық болып тойламайды. Алайда менің айналамда достарым мен әріптестерім бұл мерекені атап өтеді. Ертең мен жарым мен анама мерекелік көңіл күй сыйлап, үй шаруасын өз мрйныма аламын. Өте жақсы мереке деп ойлаймын»,- деді ол. 

Қытайда бұл күні жаппай гүл сатылымы болмайды. Құшағы гүлге толы қыз-келіншектер де көшеде аса көп емес. Гүлге сұраныс аса жоқ. Дегенмен кейбір гүл дүкендерінде баға аздап өскенін айтты. ҚХР билігі де, кәсіпкерлері де Қазақстан сияқты Голландиядан аса көп мөлшерде гүлге тапсырыс бермейді.  

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.