Нұрсұлтан Байтілесов адал қызмет етуге ант берді
Бүгін 33 жастағы Мәжілістің жаңа депутаты Нұрсұлтан Байтілесов ант берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының бос мандаты «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұрсұлтан Төленұлы Байтілесовке берілгені хабарланған.
Ол Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған. 2020-2023 жылдар аралығында Жоғарғы сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Авторы: Айжан ТЕМІРХАН