$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында соңғы екі айда 133 адам қаңғыбас иттерге таланған

Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 44 бала зардап шеккен

Алматы облысында соңғы екі айда 133 адам қаңғыбас иттерге таланған
Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Алматы облысында соңғы екі айда 133 адамға қаңғыбас иттер шабуыл жасаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Былтыр қаңғыбас иттерді аулау бойынша тұрғындардан 7 299 өтініш түскен. Жыл басынан бері тек Қарасай ауданында 446 ит ауланған. Қараусыз жіберілген 27 ит иелеріне қайтарылды.

«Жақында Қарасай ауданында қаңғыбас иттер туралы жарияланымға қатысты ветеринария басқармасы өзекті ақпаратты хабарлайды: «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына және Алматы облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес қаңғыбас жануарлардың санын реттеу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы облысының Ветеринария басқармасы.

Жуырда оқушының көзінше итті атып тастаған ветеринария саласы мамандарының әрекеті қызу талқыланған еді. Оқ тиген қаңғыбас иттің қансырап жатқанын көрген оқушы бақырып жылаған.

«Ветеринария басқармасы облыс тұрғындарын жауапты болуға және үй жануарларын ұстау және серуендеу ережелерін сақтауға шақырады. Осы уақытқа дейін Ережелерді бұзғаны үшін жалпы сомасы 55 380 теңгеге айыппұл салынды. Басқарма жағдайды бақылау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Өтініштер үшін ресми сайтта және басқарманың әлеуметтік желілерінде барлық өзекті телефон нөмірлері мен контактілер  қолжетімді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары