Алаяқтар Қазақстан азаматтарын телеграм-каналдар арқылы тауып алады екен
Ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаевтың айтуынша, азаматтардың атына алаяқтық жолмен несие рәсімдеп, олардың банк жинақтарын ұрлайтындар «шетелдік интернет алаяқтары» деп аталатын шетел қылмыскерлері, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Трансшекаралық қылмыстық әрекеттерді тергеу мен жолын кесудің қиындығы олардың Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасуында ғана емес, сонымен қатар олардың заманауи «бұзу» бағдарламаларын пайдалануында. Сонымен бірге, анонимділікті қамтамасыз ету үшін мұндай қылмыстар шет мемлекеттердің азаматтарына қатысты жасалады», - деді Айдос Рысбаев.
Оның айтуынша, тұрғындар алаяқтардың құрбанына айналғанын түсінем дегенше болмай, ұрланған ақша шоттардан алынып, шетелге жіберіледі.
«Шетелдік алаяқтар» өздерінің қылмыстық мақсаттары үшін «дроптарды» (ұрланған ақшаның транзитіне келісетін адам) пайдаланады. Қазақстан азаматтарын телеграм-каналдар арқылы тауып алады. Сосын оларға «курьер» жұмысын ұсынып, өздері туралы барлық жеке ақпаратты, соның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттар мен банк картасының нөмірлерін беруді талап етеді. «Дроптардың» шоттарына қаражат түскеннен кейін, соңғылары 10%-ға дейін өздеріне қалдырады, қалғаны алынады немесе алаяқтар көрсеткен банктік және басқа электрондық шоттарға аударылады. Осылайша, барлық ұрланған ақшаның 90%-ы елден шығарылады, олардың ізі криптовалюта жүйесінің әртүрлі көлеңкелі схемаларының («Блокчейн») салдарынан жоғалады», - деп түсіндірді Айдос Рысбаев.
Авторы: Айжан ТЕМІРХАН