Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына ресми сапармен барды

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Сапар Мәскеу және Қазан қалаларына жоспарланған

Фото: Жаслан Жұмабеков/Мәжіліс

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Ресей Федерациясына ресми сапармен келді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

Сапар аясында 4-5 наурыз күндері Мәскеу және Қазан қалаларына барады деп жоспарланған. Мәскеуде Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинмен және Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен екіжақты кездесу өтеді.

Қазанда Мәжіліс төрағасы Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановпен және Татарстан Республикасы Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшинмен де кездеседі.
Тараптар парламентаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жоспарлар, сондай-ақ өңіраралық экономикалық ынтымақтастық пен өзара мәдени-білім беру мәселелерін талқылайды.