Молдова Украинаға 250 мың еуроның гуманитарлық көмегін жіберді

Автор: Темірхан Айжан

Арнайы көліктер жолға шықты 

Фото: Әсет Құндақбаев

Молдова Республикасының Үкіметі Украинаға жалпы сомасы 5 миллион лей болатын (шамамен 250 мың еуро) гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Анадолыға сілтеме жасап.

Бас Төтенше жағдайлар инспекциясы бастаған 75 тоннадан астам жүк тиейтін 5 көлік көрші елге аттанды.

ІІМ мәліметтері бойынша, Украинаға консервілер, энергетика тауарлары мен медициналық жабдықтар, соның ішінде қан құятын системалар мен дезинфекциялау құралдары жіберілді.

«ІІМ көлік шығындарына 100 мың лейден астам қаржыны Үкіметтің резервтік қордан алды. Үкімет 2023 жылдың 15 қарашасында СІМ арқылы Украина билігінен қажетті тауарлардың тізімін алғаннан кейін гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады», - деді ІІМ.

Өткен жылы да көрші мемлекетке осындай көмек көрсетілген болатын.