Педиатриялық мамандық алған дәрігерлер тапшылығы 665 штаттық бірлікті құрайды
Мәжіліс отырысында депутат, «AMANAT» фракциясының мүшесі Айна Мысырәлімова жаңа туған сәбилерде болатын патологияны ерте анықтау, балалардың денсаулығындағы ақаулықтарды диагностикалау саласының баяу дамып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгінгі таңда Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 680 мың адамның 100 мыңға жуығын 18 жасқа толмаған балалар құрайды. Физикалық, неврологиялық, ақыл-ой кемістігі қаупі бар балалар санының арту үрдісімен мерзімінен бұрын туылған балалар санының өсуі және босану мен сәби кезіндегі проблемалар байқалады. Қазіргі таңда бізге патологияның алдын алу, балалардың денсаулығындағы ақаулықтарды диагностикалау, оларды емдеу мен дамуын ерте кезеңде анықтаудың және оңалтудың тиімді шаралары қажет.
Шала туған немесе босану кезінде ауыр жағдайға ұшыраған жаңа туған нәрестелерді бақылау тәртібі Қазақстан Республикасында неонаталдық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартымен регламенттелген. Оған сәйкес әр өңірде көп бейінді стационарлар базасында немесе үшінші деңгейдегі перинаталдық көмек ұйымдарында 0-ден 6 жасқа дейінгі балаларға арналған бақылау және (немесе) катамнез кабинеті ұйымдастырылады.
Бүгінгі таңда мұндай кабинеттер еліміздің 14 өңірінде ашылған және жұмыс істеуде. Ақмола, Қостанай, Қарағанды және Жетісу облыстарында 2024 жылы ашылу жоспарлануда. Оның ішінде облыстарда 28 оңалту және ерте араласу орталығы жұмыс істейді.
Жалпы, соңғы жылдары нәресте өлімінің көрсеткіші айтарлықтай азайды, бірақ бұл үшін үлкен күш жұмсалды. Барлық шараға қарамастан, шала туылған нәрестелермен жұмыс істеудің кешенді тәсілдерінде әлі де проблемалар бар. Елімізде диагнозды ерте анықтау баяу жүруде», - деді депутат.
Оның айтуынша, елімізде ерте диагностика процесі артта қалуда, мамандардың жетіспеушілігі мәселесі де бар, қазіргі таңда педиатриялық профильдегі дәрігерлердің тапшылығы 665 штаттық бірлікті құрайды.
«Сондай-ақ бұл жағдайда катамнездің жеке орталықтары тәжірибесін министрлік қаншалықты зерттеп, әрі мемлекет өзара іс-әрекет барысында іс-жүзінде пайдаланғанын атап кетсеңіздер?
2023 жылы ретинопатия қаупі бар 7635 бала офтальмологиялық скринингпен қамтылды. Өңірлік денсаулық сақтау ұйымдарының бақылауына және іске асыруына берілген осы санаттағы балалардың осы скринингті іске асыру сапасына, сондай-ақ негізінен қайырымдылық ұйымдарының күштерімен шешілетін өңірлендірудің осы деңгейіндегі медициналық мекемелерді жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аудару қажет», - деді Айна Мысырәлімова.
Депутат атағандай, елде білікті және мамандандырылған медициналық көмектің үлкен тапшылығы бар.
«Бұл балалар офтальмологтарына да қатысты, олар перинаталдық орталықтарда консультанттар ретінде тізімделеді. Айына бірнеше рет келеді және жалақыдан 0,25-0,5 ставка – 19 000-нан 75 000 теңгеге дейін алады, ал оларға жүктелген жауапкершілік олардың еңбекақысының осындай өте төмен жалақысымен салыстыруға келмейді. Сонымен қатар балалар офтальмологы әдетте, бүкіл аймақ үшін 1 (бір) штат бірліктен келеді және бұл маман болмай қалған жағдайда оны ауыстыруға мүмкіндік жоқ», - деп атап өтті депутат.
Айна Мысырәлімова аталған проблемаларға байланысты төмендегідей шешімдерді ұсынды: