972-ге жетті: Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған тағы 11 адам тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Өңірде қауіпті вирус жұқтырғандар саны 76-ға жетті

Фото: ашық дереккөзден

13 сәуір 11.10-дағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 11 адам тіркелді. Олардың барлығы Қарағанды облысының тұрғындарынан анықталды. Осылайша, республика бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 972-ге жетті.

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 253;
  • Алматы қаласы – 172;
  • Шымкент қаласы – 38;
  • Ақмола облысы – 71;
  • Ақтөбе облысы – 11;
  • Алматы облысы – 21;
  • Атырау облысы – 59;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 6;
  • Жамбыл облысы – 46;
  • Батыс Қазақстан облысы – 9;
  • Қарағанды облысы – 76;
  • Қостанай облысы – 3;
  • Қызылорда облысы – 119;
  • Маңғыстау облысы – 10;
  • Павлодар облысы – 10;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 25;
  • Түркістан облысы – 43.

Әзірге Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандардың саны 10 адам, ал айыққандардың қатары 99-ға жетті.