Полицейлер оқушы қыздың денсаулығы жақсы екенін айтты
Ақтауда жасөспірім қызды қылмыстық полиция қызметкерлері достарының үйінен тапқан, деп хабарлайды Azattyq Ruhy mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция департаменті үш аптадан бері үйіне бармаған Анастасияның денсаулығы жақсы екенін жеткізді.
«Ата-анасы шақырылып, профилактикалық әңгіме жүргізілетін болады», - деді полиция департаменті.
Редакция тілшілері Анастасияның анасымен де байланысқан. Ол қызының табылғанын, полиция департаментінен алып кетуге бара жатқанын айтты.