Алматы облысында алимент төлеуге міндеттелген борышкерлер құмар ойындарға ақша тіккен

Автор: Azattyq Rýhy

Борышкерлер алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін елемеген

Коллаж: Azattyq Ruhy

Алматы облысының прокуратурасы алимент бойынша 157 борышкерді анықтады, олар құмар ойындарға 426 млн теңгеден астам қаражат жұмсаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Борышкерлер алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерін елемей, өз балаларына қатысты қалауының болмауы немесе немқұрайлылық салдарынан букмекерлік кеңселерде құмар ойындар ойнаған.

«Алимент бойынша бір миллион теңгеден астам қарыз болған жағдайда бір ғана борышкер өзінің шотын 24 миллион теңгеден астам сомаға толықтырды. Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралармен бүгінде 31 құмар ойнына салынғандар 38 миллион теңгеден астам сомаға алимент бойынша қарыздарын өтеді. 6 борышкерге қатысты алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шаралары қабылдануда. Қалған борышкерлермен жұмыс жалғасуда», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасы борышкерлердің назарын алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК 669-бабы) және қылмыстық (ҚК 139-бабы) көзделген жауапкершілік туралы ескертеді.