Жетісу облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топқа сот үкімі шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Сот оларды 4 жылға бас бостандығынан айырды

Коллаж: Azattyq Ruhy / Әбілқасым Есентаев

Жетісу облысында прокуратураның үйлестіруімен құқық қорғау органдары кәсіпкерлерден ақша қорқытып алушылықпен айналысқан топтың әрекетін жедел түрде жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткен екі қылмыскер мүлікті өртеп жібереміз деп қорқытып, жәбірленушінің жарты миллион теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

«Алакөл аудандық соты прокуратураның дәлелдерін қолдап, жасалған қылмыстың ауырлығы мен сипатын ескере отырып, кінәлілерді ҚР ҚК-нің 194 бабының 2 бөлігіне сәйкес 4 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.