Польша Қазақстанға гуманитарлық көмек берді

Автор: Azattyq Rýhy

Ұшақ тиелген жүк ішінде медициналық маскалар мен компьютерлер бар

Польша Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетті. Бұл коронавирустық дағдарыс кезінде елімізге көмек қолын созған жетінші мемлекет деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Польшадан чартерлік рейспен жеткізілген жүктің ішінде «Wipasz» поляк компаниясы өндіретін көп мәрте қолданылатын медициналық маскалар (100 мың дана), сондай-ақ, князь Любомирский Қорының қазақстандық оқушыларды қашықтан оқыту үшін сыйға берген компьютерлері бар.

Айта кетейік, биыл 17 наурыз – 12 сәуір аралығында Қазақстанға АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия және БАӘ-нен гуманитарлық көмек келіп түскен.