Алматыда бір күнде екі рет жер сілкінді

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Зардап шеккендер мен қирау оқиғалары тіркелмеді 

Фотоколлаж Azattyq Rýhy

Алматылықтар бүгін екі рет жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Azattyq Ruhy

«Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» 23 ақпанда 16:33-те жер сілкінісін тіркеді. 

«Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 258 км жерде орналасқан Қытай аумағында афтершок болып өтті. Алматы қаласында 2 балдық жер сілкінісі сезілді. Зардап шеккендер жоқ»,- делінген хабарламада. 

Айта кетсек, бүгін таңертеңгі 10:08-де дәл осындай жер сілкінісі болып өткен.