Атырау облысында 1,5 айда 10 адам жол апатынан қаза тапқан

Автор: Аягөз Құрмаш

Облыстың тас жолдарында 41 жол-көлік оқиғасы тіркелген

Фото: atpress

Атырау облысының тас жолдарында болған 41 жол апатынан 10 адам қаза тапқан. Бұл туралы облыстық департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Абдіғани Сейдуалиаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

«Биылғы жолд апатынан 10 адам қаза тауып, 48 адам әртүрлі дене жарақатын алған. Қаза тапқан 10 адамның барлығы қала сыртындағы тас жолдарда орын алған жол апаттарының салдарынан болған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы -14,6%, қаза тапқандар саны саны -37,5%, жарақат алғандар -35,5% төмендеген. Жол-көлік оқиғаларының басты себебі басып озу және жылдамдықты шамадан тыс асыру болып отыр», - деді Абдіғани Сейдуалиаев.