«100 млн теңге ұрлаған»: Жетісу облысында коммуналдық мекеменің бұрынғы директоры ұзақ жылға сотталды

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол қатты көмірге бөлінген қаражатты қолды қылған

Фотоколлаж Azattyq Rýhy

Жетісу облысында кәсіпорынның бұрынғы директоры мемлекеттік субсидияларды жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Алакөлжылу» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған. Ол сот үкімімен 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

«Қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты жымқыру коммуналдық кәсіпорын басшысымен аффилиирленген компания арқылы жасалған. Бұл факт арнайы прокурорлармен анықталып, тергеп-тексерілді», - деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.