Басты себеп - білім беру ұйымдарында рұқсат етілмеген сайттарға бұғат қойылмаған
Түркістан облысында 31 мектептің басшылығы рұқсат етілмеген сайттарды бұғаттамағаны үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісай ауданы прокуратурасының ұсынысы бойынша өңірдегі 31 мектепке заңнама талаптарының бұзылуы бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Басты себеп - білім беру ұйымдарында рұқсат етілмеген сайттарға бұғат қойылмаған.
«Оқушылар сабақ уақытында балалардың денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттарды ашып, рұқсат етілмеген сайттарға кірген. Сабақ барысында оқушылар мұғалімдердің бақылауында болмаған, яғни, мұғалімдер өздерінің лауазымдық міндеттерін орындамаған. Алдағы уақытта әрбір мекемеге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Мектеп басшыларын заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз!» - делінген хабарламада.