Транзиттік уақыт 5 күнге дейін қысқарады
Мәжіліс Қазақстан -Түркия үкіметтері арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті және сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға бағытталған халықаралық құрамдастырылған жүк тасымалы туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Құжатқа 2022 жылы 10 мамырда Анкарада қол қойылған. Заң жобасы жайлы Көлік министрі Марат Қарабаев баяндады.
«Келісім Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша («Баку-Тбилиси-Карс» темір жолын, Каспий теңізінің порттарын және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін пайдалану арқылы) жүк ағынын арттыруға және Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымын ұлғайтуға бағытталған», - деді ол.
Келісімді ратификациялау тауардың транзиттік уақытын 5 күнге дейін қысқартады. 2022 жылы бұл бағыт 13-15 күнге дейін болды.Теміржол және теңіз көлігімен аралас тасымалдауға арналған екі жүкқұжаттың орнына автоматтандырылған цифрлық платформа арқылы рәсімдеуге болатын бірыңғай цифрлық құжат енгізіледі.
Мәжіліс заң жобасын қабылдап, Сенатқа жолдады.