Сәтпаев қаласының әкімі ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұған дейін әлеуметтік желілерде әкімнің мердігер ұйымнан 10 млн теңге пара алғаны туралы ақпарат тараған еді

Фото ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сәтпаев қаласы әкімінің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Антикорға сілтеме жасап.

«ҚР ҚК 366-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғанын растайды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - деп хабарлады Антикор.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде әкімнің мердігер ұйымнан 10 млн теңге пара алғаны туралы ақпарат тараған еді.

Әубәкір Шапағат 2023 жылдың қаңтарында Сәтпаев қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.