Шымкентте 12,5 млн қарызы бар жүргізуші әйел анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның көлігі айыптұраққа қойылды

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары «Қорғау» қосымшасы арқылы қарызы өтелмеген автокөлік иесін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция хабарлауынша, Toyota Camry иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 12,5 млн теңге қарызы бар екені анықталған.

Тәртіп сақшылары көлікті Темірлан тас жолы мен Әл-Фараби көшесінің қиылысында тоқтатқан.

Қарызынан жалтарған жүргізушіге төлемдердің толық өтелу қажеттілігі туралы ескертіліп, ал көлік айыптұраққа қойылды.