Елде ТЖ режимі ұзартылды
Балабақшалар карантин кезінде жұмыс істемейді. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.
«Азаматтардың карантиннің қатаң тәртібін сақтауы, балабақшалардың, студенттер, мектеп оқушыларының қашықтан білім алуы – осының бәрі күшінде қалады», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай 30 сәуірге дейін жалғасады.