Олардың бірі 1978 жылы туған ер адам, бірі 23 жастағы қыз
Алматы қаласында коронавирус індетінен айыққан азаматтардың саны 28 адамға жетті. Бүгін тағы екі науқастың қауіпті індеттен жазылғаны хабарланды.
«Ер адам 23 наурызда Шарм-әл-Шейх қаласынан ұшып келді, ал қыз 17 наурызда Цюрих-Ымтамбұл-Алматы рейсімен келген. Екеуінің де дерті жеңіл болды. Қазір олар 14 күндік үй карантинінде», - делінген хабарламада.
Осылайша, Қазақстан бойынша қауіпті дерттен айыққандар саны 63-ге жетті.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 30
- Алматы қаласы – 28
- Ақтөбе облысы – 1
- Алматы облысы – 1
- Жамбыл облысы – 1
- Павлодар облысы – 1
- Солтүстік Қазақстан облысы – 1 адам.