$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Назарбаевтың туыстары әлі күнге тендер алып келеді»: Саиров жемқорлық  экономиканың дамуына кедергі келтіріп отырғанын айтты

Әкімдіктегі шенділердің жер туралы заңнаманы 6 мың рет бұзған

«Назарбаевтың туыстары әлі күнге тендер алып келеді»: Саиров жемқорлық  экономиканың дамуына кедергі келтіріп отырғанын айтты
Фото: «AMANAT» партиясының баспасөз қызметінен

Елдегі жемқорлық әлеуметтік-экономикалық дамуға кедергі келтіріп отыр.Тіптен әбден етек жайып алған жемқорлық кедейлікпен күреске де кедергісін тигізіп жатыр. Мемлекеттің алдында кедейлікті жою, адам индексін дамыту мәселесін шешу тұр. AMANAT партиясының жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында жер қатынастары саласында болған заңсыздықтар айтылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Кеңес 2021 жылдан бастап 19 отырысы өткен. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров кеңес аясында қаралып, шешілген мәселелерді атап өтті.

«2021 жылы Түркістан облысы Сайрам ауданында Халыққа қызмет ету саласындағы проблема осы кеңесте талқыланған. Оның нәтижесі бойынша Сайрам ауданындағы ХҚКО-да 65 қызметкердің орнына 100 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Екі жылда халыққа қызмет көрсету бойынша ешқандай проблема туындамады. Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауданында Қалжыр өзенінің бойындағы алтынды заңсыз иеленіп жатқан азаматтарға қатысты жеке өзім комиссия құрып бардым. Соның нәтижесінде Қалжыр өзенінің бойындағы алтынды заңсыз қазып жатқандардың жұмысы тоқтатылды. Ол жақта қазір құзырлы органдар жұмыс істеп жатыр», - деді Саиров.

Сондай-ақ Павлодар облысында аз қамтылған отбасыларға арналған үйді салу жұмыстары да тоқтап қалған. Оның жобасы дұрыс болмаған. Осы кеңестің аясында үй қайтадан салынып, азаматтарға үй берілді.

«Жемқорлыққа қарсы күрес -  еліміздегі ең басты мәселе. Еліміздегі кедейлікті жою, адам индексін дамыту мәселесін шешу тұр. Елдегі жемқорлық әлеуметтік-экономикалық дамуға кедергі келтіріп отыр. Біздің комиссияның ең негізгі жұмысы  - профилактика, жемқорлыққа қатысты мәселелерді шеше отырып біз елдегі әлеуметтік прогреске қол жеткізе аламыз. Кеңестің ең негізгі жұмысы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау. Алайда біздің миссиямыз – жемқорлықпен күрес жүргізу арқылы халықтың әлеуметтік дамуына күш салу», - деді Саиров.

Депутат атағандай, партия жанындағы «Жер аманаты» комиссиясы жұмыс істеп келеді.Кеңес пен құзырлы органдар жұмысының нәтижесінде 10 млн гектар жер мемлекетке қайтарылды. Енді осы жер көлемінің 2,8 млн гектары қайтадан жерді игеруге қабілеті бар азаматтарға қайтадан қайтарылып берілді. Қайтарылған жер сол бұрынғы олигархтар мен олиголоияның қолына түспей, жерді игеруге ниеті бар ауылда тұратын азаматтарға қайтарып беру керек. Ол жөнінде де жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Біз заңнаманы өзгертіп жатырмыз. Заңнамада егер жергілікті азаматтар жерді алуға құлқы бар болса, оларға белгілі бір преференциялар беріледі. Қаңтардан кейін бұрынғы олигополияның, бұрынғы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары қалай тендерлерді алды, солай әлі күнге дейін алып келе жатыр. Кешегі жер сілкінісіне қатысты халықты құлақтандыратын үлкен жүйеге тендерді Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі алған. Сол жүйе кеше жұмыс істемей қалды. Құзырлы органдар бұл бойынша қазір тексеру жүргізіп жатыр. Біздің алдымызда тағы бір үлкен міндет тұр. Біз олигополияның Қазақстанның жер ресурстары, коммуникациясы, жол саласындағы тендерлерді қалай ұтып алғаны жайлы ақпаратты зерттеп, сол мәселені қарауымыз керек», - деді Мәжіліс депутаты.

Ерлан Саиров бұл мселе бойынша тағы бір мысал келтірді. Абай облысындағы Қытайға дейінгі шекарада жол әлі салынып біткен жоқ. Оның себебі «Қалбатау-Боғаз» учаскесіндегі барлық қаражатты олигополияның өкілдері жымқырған. Ол жол бүгінге дейін әлі салынбай келеді. Сондықтан жемқорлық халықтың әлеуметтік жағдайына кері әсер етіп отыр.  

Өңірлерден келген мамандар жер ресурстары саласында қандай заңсыздықтар бар екенін айтып берді.Ұлттық агроқозғалыс төрағасы Алмасбек Садырбаев AMANAT партиясы саяси алаңдағы қозғаушы күш ретінде осындай мәселелерді көтеріп жатқаны қуантарлық жағдай деп санайды.

«Өңірлерде жер бойынша көптеген мәселе бар. 30 жыл бойы шешемін таба алмаған мәселелер қордаланған. Біз екі өңірді мысал ретінде алып отырмыз. Оның бірі шалғай жатқан батыс Қаазақстан облысы. Екіншісі-елдің орталығы Ақмола облысы. БҚО-да 2011 жылдан 2018 жылға дейін жүйелі түрде 6 мыңнан астам жер жалға заңсыз берілген. Жерді беру тиісті конкурсқа сай өткізілмеген. Сол қателіктерге жауапты бүгінгі таңда тек шаруалар ғана болып отыр. Шаруалар ондаған жыл бойы несие алып, үй, қора салды, мал алды. Ең ауқымды инвестор болды. Біз осы жерге көмек сұрап келіп отырмыз. Неге мемлекеттік қызметкер жіберген қатеге шаруа жауап беруі керек? Осы мәселе бойынша Бас прокуратура мен Жоғарғы сот төрағасына жетуі керек. Олардың шешімінің артында 6 мың адамның тағдыры тұр. АШМ елімізде 1,4 млн жұмыс орнын ұсынып отыр. Ең ауқымды жұмыс беруші – АШМ. Сондықтан БҚО-дағы мәселені шешу керек. Шаруалардың жерін сақтап, ел экономикасына үлес қосуды жалғастыру керек», - Садырбаев.

Ақмола облысы Аршалы ауданында да шаруалардың жер мәселесі шешілмеген.  

«Шаруаның алған заңды жерін қазып, жер асты қойнауына үлкен шығын алып келіп отыр. Бұл әрекет мемлекетке 200 млн теңге, шаруа қожалығына бұл қазулар млрд-таған шығын әкеледі. Біз Астананың жанында тұрып, осындай заңсыздық болып жатқанына қалай жол береміз?», - деді ол.

Өз кезегінде «Қазақ ел батырлары» бірлестігінің төрайымы Бибігүл Сабыкенова жауапкершілігі шекутеулі серіктестіктер жайлы заң жобасын өзгертуді ұсынды. Жер ресурстары басқару комитетінің төрағасы - Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор Мұрат Теміржановтың сөзінше, жыл сайын жер қатынастарының мәселесі бойынша 30 мыңға жуық жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мемлекеттік органдарға келіп түседі екен. 

«Мемлекеттік бақылауға келетін өтініштердің ішінде жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерінің әрекетсіздігіне көнбеу, жерді өз еркімен пайдалану, көршілер арасында даулар мен жерді мақсаты бойынша қолданбау мәселелері бар. 2022 жылы мемлекеттік бақылау негізінде әкімдіктер мен жер қатынастарына 8930 тексеру жүргізілді. Тексерулердің нәтижесі бойынша 6 мыңнан астам жер туралы заңнаманы бұзу деректері тіркелді», - деді Теміржанов.

 

 

Серіктес жаңалықтары