Kaspi Gold-ты үйден шықпай-ақ ашуға болады

Автор: Azattyq Rýhy

Банк шотын арнайы қосымша арқылы онлайн ашуға болады

Бұдан былай қазақстандықтар әлеуметтік төлем жасау үшін банкке келіп, шот ашып әуре болмайды. Төтенше жағдай кезінде Kaspi.kz банкі инновациялық әдістерді пайдалана отырып, карантин аяқталғанша халықтың үйден шықпай-ақ, банктік қажеттіліктерін онлайн түрде іске асыруына мүмкіндік жасап бермек.   

Алдағы жұмадан бастап шотты Kaspi.kz ұялы қосымшасында үйде отырып-ақ ашуға болады.

Мемлекеттен көмек ретінде 42 500 теңге жәрдемақы беріледі деген кезде банктер алдында ұзын-сонар кезек пайда болған еді. Әлеуметтік төлем сол банктегі есеп шотқа түседі делінген болатын. Сондықтан шот нөмірінің болуы міндеттелді. Ал карантин кезінде халықтың жиналуына тыйым салынған. Десе де, тұрғындар шот нөмірін алуға қаржы ұйымдарына баруға мәжбүр болды.   

Алдағы жұмадан бастап Kaspi Gold шотын үйден шықпастан, Kaspi.kz қосымшасында онлайн ашуға болады.

«Біз карантин кезінде қазақстандықтардың әлеуметтік төлемді алу үшін шот ашуға банктердің бөлімшесіне барып жатқанын көріп, қатты қобалжыдық. Осыған орай командамыз рекордтық мерзімде ең заманауи технологияларды қолдана отырып, инновациялық сервисті іске қосты. Клиенттерімізге айтқым келеді. Енді бөлімшеге барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Бұдан былай үйден шықпастан, Kaspi Gold шотын Kaspi.kz қосымшасында ашып, әлеуметтік көмекті алу үшін пайдалануға болады», - деді Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе. 

Айта кетерлігі, банк картасын төтенше жағдай мен карантин біткен соң алуға болатындықтан, барлық қызметті қосымша арқылы шоттың өзімен-ақ жасай беруге болады.