Шымкентте өзін заңгер ретінде таныстырған ер адам алаяқтықпен айналысқан

Автор: Azattyq Rýhy

Бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін күдікке ілінген ер адам қамауға алынды

Фото: kefaloniapress.gr

Мегаполис пен Түркістан облысының 15 тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy OTYRAR-ға сілтеме жасап.

Өзін білікті заңгер ретінде таныстырған ер адам сенгіш азаматтарға бизнес жоспарын жүзеге асыру үшін мемлекеттен қайтарымсыз грант пен арнайы төлемдер алып отыруға көмектесетінін айтқан.

Мұндай «қызметтің» құны 200 мыңнан 2,5 миллион теңгеге дейін бағаланған.

Уәде етілгенін қызметті алмаған жәбірленушілер алаяқтың айласына түсіп қалғандарын түсініп, полицияға арызданған. Оларға келтірген жалпы шығын сомасы 32 миллион теңгені құрады.

Жедел-іздестіру жұмыстары барысында Тұран АПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері қаскүнемді ұстады.

Қазір бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін күдікке ілінген ер адам қамауда отыр.