Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Мекеме директоры мердігер ұйымнан 2,7 млн теңге пара алды деп күдіктелуде 

Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінді
Фотоколлаж Azattyq Ruhy

Алматы коммуналдық кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Алматы қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы тазалық» ШЖҚ МКК директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Ол мердігер ұйым өкілінен 2,7 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл сома орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға, мемлекеттік сатып алулар бойынша қосымша келісімшарттар жасауға және жалпы қамқорлыққа арналған. Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.