Қайрат Сатыбалдыға қатысты тағы бір іс бойынша тергеу жүріп жатыр – Антикор
Оған қатысты ақша жылыстату ісі сотқа келіп түсті
Қайрат Сатыбалдының үстінен салық төлеуден жалтару фактісімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жемқорлыққа қарсы күрес комитетінің арнайы өкілі Арман Тілеукеновтің айтуынша, Қайрат Сатыбалдының үстінен «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру» бабы бойынша іс қозғалып, ол сотқа келіп түскен.
«Қайрат Сатыбалды Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа шетелден түрлі мүлік сатып алған. Қаржыны Қазақстандағы және шетелдегі банктерге орналастырған. Іс қазір сотқа өтті. Салықты төлемеу факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда», – деді Тілеукенов.
Сонымен қатар, Тілеукенов Қайрат Сатыбалдыға тиісті болған активтердің елге қайтарылып жатқанын атап өтті.
«Осы азаматтың (Қайрат Сатыбалдының – ред.) қамауға алынған барлық активтері мемлекет қайтарылады. Қазірге дейін қайтарылған активтердің жалпы соммасы 850 млрд теңгеден асады», – деді Тілеукенов.
Айта кетейік, Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың наурызында қызмет бабын асыра пайдаланды және «Қазақтелеком» АҚ-нан аса ірі көлемде қаржы ұрлады деген күдікпен ұсталған болатын.
Кейін құқық қорғау органдары оның басқа да қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екенін айтты. Атап айтқанда, Антикорда «Көлікке қызмет көрсету орталығы» АҚ-да да қаржы жымқырылуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ Қайрат Сатыбалды «ЦТС» және «Қазақтелеком» компанияларына 12 млрд теңге және 28 млрд теңге шығындарды өтегені белгілі болды.
Прокуратура бұл жаза тағайындау кезіндегі жеңілдететін мән-жайлардың бірі болғанын атап өтті.
2022 жылдың қыркүйегінде сот Қайрат Сатыбалдыны кінәлі деп тауып, жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу үшін алты жылға бас бостандығынан айырып, жазасын Өскемен іргесіндегі №22 мекемеде өтеуге жіберді.
Кейіннен Қайрат Сатыбалдының шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға өтініш жазғаны белгілі болған еді.