Карта арқылы төлем қабылдаудан бас тартқан кәсіпкерге қанша айыппұл салынады?

Автор: Аманалина Тоғжан

Банк картасымен төлемді қабылдаудан бас тартқандарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған

фото: freepik

Кәсіпкердің банк картасымен төлемді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған: бірінші рет - ескерту, қайталап бұзғаны үшін - 147 680 теңге (40 АЕК) көлемінде айыппұл салынады.

Ақпаратқа сәйкес, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңға қайшы. Тұтынушы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңға сәйкес банк картасымен, QR төлемімен немесе қолма-қол ақшамен төлей алады.

Авторы: Еркежан АЙТҚАЗЫ