Аталған дерек жас баланы азаптау фактісі бойынша тіркелді
Алматы облысында 9 жасар жетім қызды асырап алған қамқоршысы кез келген әрекеті үшін аяусыз ұрып-соққан. Бұл ақпарат әуелі әлеуметтік желіде пайда болды. Қазіргі уақытта асыраушысының үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтің айтуынша, 9 жасар қыздың соққыға жығылғаны туралы хабарлама 2024 жылдың 5 қаңтарында Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына түскен.
«2024 жылдың 5 қаңтарында Еңбекшіқазақ ауданы ПБ-ға 9 жасар қызды оның 1982 жылғы қамқоршысы ұрып-соғып, сол арқылы оған дене жарақатын салғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек жас баланы азаптау фактісі бойынша Еңбекшіқазақ ауданының ПБ-да дереу тіркелді және сараптамалық зерттеу тағайындаумен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жақын арада қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталады және қылмыстық процестің барлық қатысушылары тергеу нәтижелерімен белгіленген тәртіппен танысатын болады және іс бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады», - деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.