Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады
QazAvtoJol компаниясының Жамбыл облыстық бөлімшесі директорының орынбасары пара алу күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
«Сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы растаймыз. Қосымша ақпаратты жақын уақытта хабарлаймыз», - деді агенттіктен.
Кейбір БАҚ-тың жазуынша, директор орынбасары Дәурен Төлтаев қызылордалық мердігер компаниядан ақша бопсалаған.
Бұған дейін БАҚ-та QazAvtoJol мекемесінің Жамбыл бөлімшесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік алғашқы қар жауған кезде жолдарды тазалауға бөлінген қаражаттың ұрлану фактісін тексеріп жатқаны туралы ақпарат пайда болған.
Алайда QazAvtoJol «қысқы жөндеу жұмыстарының уақтылы аяқталмағаны үшін жауапкершілікке тартылады» деген ақпаратты жоққа шығарды.