Елімізде қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны 7 адамға жетті
8 сәуір сағат 13:45-тегі жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған тағы 5 адам тіркелді: Қызылорда облысында - 3 адам, Ақмола облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 1 адам. Сондай-ақ қауіпті індеттен тағы бір адам көз жұмды, ол – Ақмола облысының тұрғыны. Бұл туралы coronavirus2020.kz порталы хабарлады.
Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 709 адамға жетті.
- Нұр-Сұлтан қаласы – 222;
- Алматы қаласы – 119;
- Шымкент қаласы – 20;
- Ақмола облысы – 43;
- Ақтөбе облысы – 11;
- Алматы облысы – 10;
- Атырау облысы – 36;
- Шығыс Қазақстан облысы – 6;
- Жамбыл облысы – 45;
- Батыс Қазақстан облысы – 2;
- Қарағанды облысы – 55;
- Қостанай облысы – 3;
- Қызылорда облысы – 72;
- Маңғыстау облысы – 6;
- Павлодар облысы – 1;
- Солтүстік Қазақстан облысы – 25;
- Түркістан облысы – 33.
Өкінішке қарай, Қазақстанда қауіпті індеттен көз жұмғандардың саны 7 адамға жетті. Ал ауруынан айыққан азаматтардың саны – 53 адам.