Ақмола облысында боранды күні 2 шопан адасып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

ТЖД қызметкерлері оларды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп іздеді

фото: ашық дереккөзден

2 қаңтарда ауа-райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысы Аршалы ауданындағы Түрген ауылының маңында 1969 және 1966 жылы туған екі шопан жоғалып кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД қызметкерлері оларды жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп іздеді.

«Жоғалған адамдар жол талғамайтын автокөлікпен іздестірілді. Бір жарым сағат іздеуден кейін олар Түрген ауылынан 15 км қашықтықта табылып, тұрғылықты жерлеріне жеткізілді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ», - делінген хабарламада.